Алматыдағы алғашқы ақылы автотұрақтардың орналасу орындары белгілі болды

Фотография - Алматыдағы алғашқы ақылы автотұрақтардың орналасу орындары белгілі болды

Алғашқы ақылы автотұрақтар Алматы қаласының Алмалы ауданында орналасатын болды.

243 0

Алғашқы ақылы автотұрақтар Алматы қаласының Алмалы ауданында орналасатын болды.

Олар: Молдағұлова көшесінің оң жағы, Панфилов көшесінің батыс жағы, Молдағұлова көшесінің сол жағы, Абылай хан даңғылының шығыс жағы, Жібек жолы көшесінің оңтүстік жағы мен Панфилов көшесінің батыс жағы.

Бұл туралы Kapital.kz іскерлік порталына берген эксклюзивті сұхбатында Алматы қ. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы жетекшісінің орынбасары Эльдар Келдібаев мәлімдеді.

Еске сала кетсек, Алматы қ. Жер комитеті ақылы автотұрақтарды ұйымдастыру мақсатында шаһардың 7 ауданында 155 орын белгілеген еді.

Тендерлік талаптарға сай автотұрақтар жол белгілері, ақпараттық бағыт-бағдарлар, бейнебақылау жүйесі, паркоматтар (электрондық ақы жүйесі) және басқа да жол қозғалысы мен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылғылармен қамтамасыз етілуі тиіс.

Ақылы автотұрақтардың құны 1 сағат үшін 100 теңгеден аспауы тиіс.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!