4G байланысына ең бірінші алматылықтар қол жеткізді

Фотография - 4G байланысына ең бірінші алматылықтар қол жеткізді

Алматыда ерекше жоба - LTE базасында 4G кеңжолақты интернетке қолжетімділікке мүмкіндік ұсынған ALTEL техникалық кеңсесінің ашылуы болды.

206 0

Алматыда ерекше жоба - LTE базасында 4G кеңжолақты интернетке қолжетімділікке мүмкіндік ұсынған ALTEL техникалық кеңсесінің ашылуы болды.

Тұсау кесу рәсімінде айтылғанындай, жаңа қондырғы тұтынушыларға бір секунд ішінде 100 мегабит мәліметті жөнелтуге және 50 мегабитке дейінгі материалды қабылдауға мүмкіндік береді. Тұрақты сигнал қабылдау қаланы барлығы үш жүзден астам базалық станциямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді .

«Алматылықтар байланыс жүйесіндегі айырмашылықты бірден сезінетін болады», - деп отыр «Алтел» АҚ LTE жобасы бойынша коммерциялық директоры Толга Гедикоглу. Компания өкілдерінің айтуынша, операторлар жаңа желінің жұмысын тәулік бойы бақылауда ұстайды. Сонымен қатар, аяқ астынан электр қуаты ажыратылып қалғанда да арнайы генератордың арқасында Интернет үздіксіз істей береді.

Алғашқы LTE желілері Алматы мен Астанада тартылды, бұдан әрі аймақтарда да желі құрылысы жалғасын таппақшы.

Мәлім болғанындай, 4G CDMA желісінде қызмет етеді, сондықтан GSM абоненттеріне  USB-модем немесе Mi-Fi роутер немесе CPE-роутер алу керек. 99 гигабайт трафигі бар "Гранд Премьера" пакетін модеммен қоса 8000 теңгеге сатып алуға болады. Осындай пакет Mi-Fi роутермен 11 мың теңге тұрады.

Алматы мен Астанада 4G-ге сату орталықтары мен сауда нүктелерінде қосылуға болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!