Қазақстанда бейсенбі күні боран соғып, күшті жел тұрады

Фотография - Қазақстанда бейсенбі күні боран соғып, күшті жел тұрады

деп хабарлайды ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» РМК

156 0

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша бейсенбі, 17 қаңтарда Қазақстанның барлық аумағы фронтальді бөліктердің ықпалында болуына байланысты елде қар жауып, боран соғады, күшті жел тұрып, кей жерлерде тұман түседі.  

Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді деп болжануда. Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде боран соғып, жел екпіні 17-22 м/с-қа дейін күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде боран соғып, 17-22 м/с жылдамдықта жел тұрады. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел күші 15-20 м/с-қа дейін жетіп, түнде тұман түсуі мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, түнде жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Алматы облысында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

ауа райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!