«АрселорМиттал Теміртау» 3 мыңдай жұмысшыны қысқартпақ

Фотография - «АрселорМиттал Теміртау» 3 мыңдай жұмысшыны қысқартпақ

Болат департаментінің 2013 жылғы штаттық жоспарына сәйкес жұмысшы санын 12 948 адам көлемінде бекіту туралы №592-ші бұйрық шығып үлгерді

224 0

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ 2013 жылы металлургия комбинатында жұмысшылардың сандық жоспарын үш мың адамға дейін қысқарту туралы шешім қабылдады.

Болат департаментінің 2013 жылғы штаттық жоспарына сәйкес жұмысшы санын 12 948 адам көлемінде бекіту туралы №592-ші бұйрық шығып үлгерді. Компания мәліметтері бойынша, 2012 жылдың соңында жұмысшылардың саны 15 827 адамды құрады, деп жазады басылым.

Жұмыс беруші өзінің бұл шешімін дайын өнімнің жөнелтілуінің төмендеуімен түсіндірген. Сондай-ақ ол өндірістің көлемімен, қуаттылықтың деңгейімен, технологиялық деңгейімен, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникаларының талаптарымен анықталады. Қызметкерлердің санын қысқарту 2013 жылы дайын өнімді жөнелту бойынша жоспарлы көрсеткіштің 2,7 млн. тоннаға дейін төмендеуімен (2012 жылы 3,4 млн. тоннаға дейін) байланысты. Бұл мәжбүрлі шара нарықтық конъюктурамен тікелей байланысты, делінген материалда.


Тегтер:

компания

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!