Қазақстанда тексерістердің 50%-ы бензиннің талапқа сай келмейтінін анықтаған

Фотография - Қазақстанда тексерістердің 50%-ы бензиннің талапқа сай келмейтінін анықтаған

Бұл туралы ҚР Индустрия және жаңа техногиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Рыскелді Сәтбаев мәлімдеді

223 0

Қазақстанда тексерістердің 50%-ында бензиннің талапқа сай келмейтіні анықталған. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында ҚР Индустрия және жаңа техногиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Рыскелді Сәтбаев мәлімдеді.

«Сатылып жатқан жанар-жағар майдан сапа жағынан сәйкессіздіктер анықталды. Астана қаласында «Асқар-Мұнай-Трейд» ЖШС-да зертханалық зерттеулер жүргізіліп, Ресейде өндірілген дизель отыны талаптарға сәйкес келмейтіні әшкере болды. Мемлекеттік инспекторлар Астана қаласында «Гелиос» фирмасының жанар-жаңар май құю стансаларына тексеріс жүргізді. Оның қорытындысы бойынша, АИ-98 бензинінде дитациондық тұрақтылық, октан саны бойынша сәйкессіздіктер анықталған. Норма 98 деп белгіленсе, ол 97,5-ке дейін төмендеген», - деп хабарлайды Р.Сәтбаев.

Оның сөзіне қарағанда, елордалық департамент қалалық прокуратура талабына сәйкес «Аррована» ЖШС-ға, «Энерджи» ЖЖМС-ға тексеріс жүргізді. Атырау Мұнай өңдеу зауытының Премиум-95 маркалы бензинінің октан саны бойынша талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды.

«Іс жүзінде бұл көрсеткіш 92,5-ті құрады. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы «Қарағанды түсті металдар» өндірістік бірлестігінің аймақтық қойма шаруашылығында бензин құюда сәйкессіздіктер байқалған. АИ-80 бензинін тарату барысында дизельдік отындағы 200 мл нормаға дейін толық құйылмайтыны белгілі болған. Жалпы республика бойынша мұнай өнімдерін таратушы 227 кәсіпорынға тексеріс жүргізіліп, 115 ереже бұзушылық анықталды. Бұл – жалпы көрсеткіштің 50,6%-ы. Тексеріс қорытындысы бойынша жалпы сомасы 224 млн теңгені құрайтын ЖЖМ-дың 220 партиясын таратуға тыйым салынды. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған азаматтардан 10 млн теңгеден астам қаржы өндірілді», - деді Р.Сәтбаев.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

бензин

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!