«Эйр Астана» ұшағы Бангкокте істен шықты

Фотография - «Эйр Астана» ұшағы Бангкокте істен шықты

Олардың мәліметі бойынша, Алматы–Бангкок–Хошимин–Алматы рейсі 16 қаңтарда сағат 02:35-те Boeing-757 ұшағымен ұшып кеткен

188 0

Алматы–Бангкок–Хошимин–Алматы КС 939-940 рейсін орындаған «Эйр Астана» ұшағы Бангкокте бұзылып қалды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Олардың мәліметі бойынша, Алматы–Бангкок–Хошимин–Алматы рейсі 16 қаңтарда сағат 02:35-те Boeing-757 ұшағымен ұшып кеткен.

«Жергілікті уақыт бойынша 10:10-да ұшақ Бангкок қаласындағы әуежайға келіп тоқтады, ол бір сағаттан кейін Хошимин бағытындағы ұшуды жалғастыруы керек болатын. Бірақ ұшу алдындағы дайындық кезінде әуе кемесінің командирі ұшақта техникалық ақау бар екенін анықтаған. Техникалық тексеру жүргізгеннен кейін істен шыққан бөлшекті ауыстыру туралы шешім қабылданады. Әуе көлігіне қажетті ол бөлшекті Америкадан тапсырыспен алғызу керек болғандықтан, аталмыш ұшақтың ұшу уақыты 18 қаңтарға белгіленіп отыр», – делінген хабарламада.

Әуе компаниясы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бір топ инженерлерді Бангкокке аттандырды. Баспасөз қызметінде атап өткендей, ұшақ елге жолаушыларсыз қайтады.

Рейстің мәжбүрлі кешігуі кезінде жолаушылар баспана және ас-сумен қамтамасыз етілді.

Ағымдағы ақпаратқа сәйкес, 46 жолаушы Хошиминнен Алматыға Гонконг арқылы жеткізіледі. Хошиминнен Гонконгқа ұшу, қонақ үйге орналасу мен ас-суды компания өз мойнына алады. Гонконг-Алматы КС 930 рейсінің ұшу уақыты 18 қаңтар жергілікті уақыт бойынша сағат 22:05-те белгіленіп отыр.

Бангкок-Алматы KC 940 рейсінің 79 жолаушысы 18 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 10:25-те «Эйр Астананың» рейсімен тасымалданады. Тағы 12 адамды өзге қалалар арқылы елге жеткізу жоспарланып отыр. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

темир жол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!