Астанада жер бағасы шарықтап барады

Фотография - Астанада жер бағасы шарықтап барады

Астанада ауыс-түйіс, саясаттың қызуы көтеріліп тұрғанда бас қалада жер бағасы да шарықтап барады.

366 0

Астанада ауыс-түйіс, саясаттың қызуы көтеріліп тұрғанда бас қалада жер бағасы да шарықтап барады.

Кәсіпкерліктің жілігін шағып, майын ішіп көрген депутат Азат Перуашев бұл алаяқтық пен "Экспо-2017" көрмесінің жемісі десе, жер сатушылар  ұсыныстан сұраныстың көптігін айтады.

Астаналық Сергей Ковльчук тегін жер алу үшін кезекте 4 жыл тұрыпты. Бірақ, үміті үзілген соң қазір қала сыртынан үй салуға жер іздеп жүр. Айтуынша, қалтасы көтеретін жер телімдеріне ешқандай құрылымдар жүргізілмеген.

Жер үй іздеп көрдім. Бағалары қымбат. Қалай болса, солай салынғандары көп. Содан, өзім үй салғым келді. Бірақ, қала аумағында жер телімі қымбат. Елу мың долларға дейін барады. Ал, қала сыртында он мыңға табуға болады. Бірақ, не жолы, не жарығы, не суы жоқ.

Ал, алып-сатушы астаналық риэлторлар 2007 жылғы дағдарыс кезінде ғана жер бағасы түсті, одан кейін тек өсіп келеді дейді. Жыл сайынғы өсім 20 пайыздан кем болмайды екен.  Қаладан 30 шақырымдағы  жер телімдер 5-6 мың доллар болса, сол жағалау мен Пирамида маңы жарты миллион долларға да жетеді. Бірақ, шарықтап өскен бағаға қарамастан, сұраныстың азаятын түрі жоқ көрінеді.

Нақтыланбаған ақпаратқа қарағанда, жердің кадастрлық құны қымбаттамақ. Бұл бағаның өсіп кетуіне әсер етеді. Бұдан бөлек, жақында ғана президент жерді үлестіруге қатаң тапсырма берді. Яғни, бұл шара  алушылардың мүмкіндігін шектеп, сұранысты көбейтіп жібереді.

Астанада "ЭКСПО" көрмесі өтеді деген хабар тарасымен, көрме салынбақ аймақтағы жер телімдері бағасы 30 мыңнан 110 мыңға дейін көтеріліп кетті. Бұл енді сатушылардың нағыз алаяқтығы екен.

Жалпы, Астанада мемлекет есебінен тегін жер үлестіруге шектеу қойылған. Сонда да, жер кезегінде жүз мыңнан адам тұр.  Ал, кезінде гектарлап алып қалғандардың қазіргі бөлшек саудасына ешкім ешқандай шектеу қоя алмайды. Себебі,  нарықтың қожайындары солар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!