Қырымбек Көшербаев облыспен танысуды бастап кетті

Фотография - Қырымбек Көшербаев облыспен танысуды бастап кетті

Кеше Қызылорда облысының әкімі қызметіне кіріскен Қырымбек Көшербаев аймақ тыныс-тіршілігімен танысуды бастап кетті

276 0

Кеше Қызылорда облысының әкімі қызметіне кіріскен Қырымбек Көшербаев аймақ тыныс-тіршілігімен танысуды бастап кетті.

Өңір басшысы алдымен қаланың жылу және су беретін орындарын түгел аралап шықты. Аралау барысында ол жұмыстағы кемшіліктер мен олқылықтарды біліктілікпен пайымдап, өзінің ескертпелері мен тапсырмаларын да беріп үлгерді. Сонымен қатар Сырдария өзені арнасында қазір қалыптасып отырған ахуалға да назар аударды.

Ал бүгін таңертең Қ. Көшербаев облыстық департаменттер мен басқармалар басшыларын жинап, кеңес өткізді. Әкім онда жақын аралықта және таяу келешекте облыс алдында тұрған міндеттер жайында әңгімелеп берді. Талап қатаң, тәртіп ортақ. Енді кез келген саладағы басшы қызметкерлерге осындай міндеттер жүктеледі. Себебі, Елбасының өзі осыны талап етіп отыр.

Жалпы, облыс жұртшылығы өздерінің жерлесі болып табылатын бұл қайраткердің аймаққа басшы болып келгенін үлкен қанағаттанғандық сезіммен қарсы алды. Бір кездері осында комсомол жұмысына араласу арқылы қоғамдық қызметін бастаған Қырымбек Елеуұлының содан кейінгі барша саналы ғұмыры басқа жақтарда өтіп келді. Соның ішінде бірнеше рет министр лауазымын атқарып, Батыс Қазақстан және Маңғыстау секілді облыстарды басқаған, оларда тек жақсы аты ғана естілген одан жерлестері байыпты да байсалды басшылық күтеді. Жасыратыны жоқ, облыста шешімін таппай, қордаланып қалған проблемалар жетерлік. Енді оларды шешуге елді бастайтын осындай байырқалы басшы керек. Үлкен өмір мектебінен өткен толымды тұлғаның кемел жасқа келген шақта туған жерге оралуы оларды осындай үркердей үмітке жетелеп отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!