Үкімет басшысы Маңғыстау облысының жаңа әкімін таныстырды

Фотография - Үкімет басшысы Маңғыстау облысының жаңа әкімін таныстырды

Ақтау қаласында облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтіп, оған ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов пен ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімов қатысты

244 0

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Маңғыстау облысының жаңа әкімін таныстырды. Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтау қаласында облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтіп, оған ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов пен ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімов қатысты.

Сессия барысында С.Ахметов депутаттарға облыс әкімінің қызметіне Алик Айдарбаевтың кандидатурасын ұсыну туралы Мемлекет басшысының хатын оқып берді. Депутаттар Президент ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдады.

Сессия соңында С. Ахметов облыс активіне өңірдің жаңа әкімін таныстырды.

«Өткен жылдары облыста көп жұмыс атқарылды, дегенмен облыс басшылығының алдында, өңірдің алдында бұдан да ауқымды міндеттер тұр.  А.Айдарбаев аймақтың проблемаларын жақсы біледі, басшылық қызметтерде тәжірибесі мол. Ол халықтың әл-ауқатын жақсартуға, өңірдің экономикасын дамытуға, Елбасымыз айқындаған міндеттерді орындауға бар күш-жігерін салады деп сенемін»,- деді С. Ахметов.

Өз кезегінде, А.Айдарбаев көрсетілген жоғары сенімі үшін ел Президентіне алғыс білдірді.

Сондай-ақ С.Ахметов бұрынғы әкім Бауыржан Мұхамеджановқа атқарған қызметі үшін алғыс айтып, оның басшылығымен облыста әлеуметтік-экономикалық даму, экономиканы әртараптандыру, моноқалаларды дамыту бағдарламаларын іске асыру, жаңа жұмыс орындарын құру туралы Елбасының тапсырмалары орындалғанын атап көрсетті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!