Астанада 65 дипломатиялық миссия жұмыс істейді

Фотография - Астанада 65 дипломатиялық миссия жұмыс істейді

Өткен ғасырдың соңғы жылдарында мен осындай кездесулерде сіздердей дипломатиялық басшыларды жаңа елордамызға шақырғаным есімде

133 0

Бүгін Ақордада Қазақстандағы дипломатиялық миссия басшыларымен кездескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі дипломатиялық миссиялардың сапасы мен сол миссиялармен қарым-қатынас қалай орнағанына тоқталды. 

«Биыл Астанамызды әлемге таныстырғанымызға 15 жыл толды. Қысқа мерзім ішінде Астана халықаралық дипломатиядағы жаңа орталықтардың біріне айналып үлгерді. Елордамызда үлкен самиттер мен әлемдік деңгейдегі шаралар өткізілді», - дей отырып Президент дипломатиялық миссиялармен арадағы қарым-қатынастың бүгінгі жағдайына тоқталды.

«Өткен ғасырдың соңғы жылдарында мен осындай кездесулерде сіздердей дипломатиялық басшыларды жаңа елордамызға шақырғаным есімде. Ал қазір Астанада Қазақстанда тіркелген 66 дипломатиялық миссияның 65-і жұмыс істейді. Сіздердің алаңсыз жұмыс істеулеріңіз үшін біз барлық қажетті жағдайды жасадық. Қазақстан тарапы Сіздердің талап-тілектеріңізді ешқашан назарсыз қалдырмайды», - деді Елбасы Н.Назарбаев.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!