Қызылордада облыс әкімі аймақпен танысуды жалғастыруда

Фотография - Қызылордада облыс әкімі аймақпен танысуды жалғастыруда

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев облыстың тыныс-тіршілігімен танысуды одан әрі жалғастыра түсуде

127 0

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев облыстың тыныс-тіршілігімен танысуды одан әрі жалғастыра түсуде.

Кеше өңір басшысы облыстық басқармалармен басшыларымен жиын өткізгеннен кейін осы мақсатпен қаланың №6 жылу беру орталығы мен «Оңтүстікжылу» мекемесіне тағы аялдады. Содан соң қалаға қарасты Тасбөгет кентіне келіп, «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үйлердің жайымен танысты. Келесі кезекте облыс орталығын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған орталық сүзгі стансасына барды. Облыс әкімі көркейту коммуналдық кәсіпорнына барғанда да бірқатар өзекті мәселелерді шешудің жайларына қанықты. Мұның сыртында «Сыр-Ана» және «Сыр сүлейлері» мемориалдық кешендерін аралап көрді.

Ал түс ауа Қырымбек Көшербаев қалалық әкімдікке келіп, жиын өткізді. Басқосуда ол қазіргі күндері қала аумағынан үй салатын учаске алудың кезегінде тұрған 40 мың адамның мәселесін оңды шешуге тапсырма берді. Өткен жылы облыс орталығында 18 тұрғын үй жаңғыртудан өткізілген екен. Биыл сол жұмыстар жалғасын табуға тиіс. Сонымен бірге қалада туризмді дамытуға көңіл бөлетін уақыттың жеткені айтылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!