Республикамыздың бірқатар жолдарында көлік қозғалысы шектелді

Фотография - Республикамыздың бірқатар  жолдарында көлік қозғалысы шектелді

Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.

153 0

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін елдің бірқатар республикалық жолдарында көлік қозғалысы шектелді.

Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, Алматы облысында боранға байланысты сағат 10.30-дан бастап «Үшарал-Достық» автожолының 0-184 шақырымында барлық автокөліктер үшін жол жабылды.

Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысы бойынша сағат 10.00-ден бері «Өскемен-Зырян-Рахман бұлақтары» жолының 6-166 шақырымындағы «Ушанов ауылы-Зырян қаласы» аралығында көлік қозғалысы шектелді.

Сонымен қатар сағат 10.30-дан бастап «Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы» жолының 54-123 шақырымындағы «Первомайка ауылы-РФ шекарасы» учаскесінде барлық көліктер үшін жолға шығуға тыйым салынды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!