Т. Ермегияев «Спорт Оскары» халықаралық сыйлығын иеленді

Фотография - Т. Ермегияев «Спорт Оскары» халықаралық сыйлығын иеленді

Жауынгерлік өнер халықаралық академиясы (The Academy Awards Of Martial Arts) 2012 жылдың қорытындысы бойынша

220 0

Жауынгерлік өнер халықаралық академиясы (The Academy Awards Of Martial Arts) 2012 жылдың қорытындысы бойынша

«Спорт Оскары» сыйлығын «Астана ЭКСПО- 2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің экс-төрағасы Талғат Ермегияевқа тапсыру шешімін қабылдады. Аталмыш марапат Қазақстанда спортты дамытуға қомақты үлес қосқаны үшін беріліп отыр. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Халықаралық жауынгерлік өнер академиясының «Спорт Оскары» сыйлығымен марапаттау шарасы  негізінен жыл сайын АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Атлантик Сити қаласында өткізіліп келеді. Салтанатты шараға әлемге танымал саясаткерлер, бизнесмендер, титулды спортшылар мен актерлар қатысады. Сонымен қатар, «Спорт Оскары» жауынгерлік өнер мен спорттық жекпе-жек өнерлері бойынша айтулы халықаралық шара болып табылады.

Ал 2013 жылы Халықаралық жауынгерлік өнер академиясының былтырғы жылғы қорытындысын шығару және «Спорт Оскары» наградасын тапсыру салтанаты 26 қаңтар күні Атлантик Сити қаласында өтетін болады.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!