Жалған ақпарат кесірінен Алматы әуежайында 10 рейс уақытынан кешікті

Фотография - Жалған ақпарат кесірінен Алматы әуежайында 10 рейс уақытынан кешікті

 Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды

138 0

Алматы әуежайына бір жолаушының бомба алып өткені туралы жалған хабарламаға байланысты он рейс уақытынан кешікті. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды.

«Жедел әрекет ету шарасы барысында әуежайдың қалыпты қызметі бұзылып, ұшуға дайын тұрған он рейс уақытынан кешіктірілді. Олардың бортында 715 жолаушы болған. Сонымен қатар бортында 556 жолаушысы бар 7 әуе көлігі уақытынан кеш қонды», деп жазылған хабарламада.

Естеріңізге саламыз, 2013 жылдың 19-шы қаңтарында сағат 16:00 шамасында Алматы халықаралық әуежайына бомба қойылғаны және ол 20-шы қаңтарда сағат 12:00-де жарылатыны туралы хабарлама түседі.

Бірақ, жедел шаралар барысында ешқандай жарылғыш зат табылмаған. Сағат 18-30 әуежай жұмысы қайта қалыпқа келтірілді.

«Жедел- іздестіру шаралары барысында жалған хабар берген адам қолға түсті. Қазір оған қатысты ҚР ҚК 242 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

темир жол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!