Үкімет басшысы «Doing Business»-тегі Қазақстанның рейтингі бойынша нәтижелермен танысады

Фотография - Үкімет басшысы «Doing Business»-тегі Қазақстанның рейтингі бойынша нәтижелермен танысады

Ертең өтетін Үкімет отырысында 2013 жылдағы басты мақсаттар талқыланады.

319 0

Ертең өтетін Үкімет отырысында 2013 жылдағы басты мақсаттар талқыланады.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«22 қаңтарда ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өтетін Үкімет отырысында 2013 жылдағы басты мақсаттар мен «Doing Business» Дүниежүзілік банкі рейтингінің көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмыстардың қорытындылары талқыланады деп күтілуде. Бұл әлемдік бәсекелестікке қабілетті 30 елдің қатарына енудің жалпыұлттық идеясы тұрғысында өте маңызды болып табылады.  «Doing Business» Дүниежүзілік банкінің рейтингілік көрсеткіштерімен қазақстандық кәсіпкерлер үшін іскерлік ортаны жақсарту мәселелері ҚР Үкіметінің ерекше назарында екендігін баса айтқан жөн»,-деді ресми өкіл.

Жалпы, аталған рейтинг бизнесті жүргізуді жеңілдету тұрғысында ұлттық заңнама мен іскерлік ортаны жақсарту бойынша басқа да мемлекеттік шаралар деңгейін бағалайды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!