Н.Назарбаев Астана мен Ақмола облысының шекараларын өзгертуді бекітті

Фотография - Н.Назарбаев Астана мен Ақмола облысының шекараларын өзгертуді бекітті

Қазақстан Президенті «Астана қаласы және Ақмола облысының шекараларын өзгерту туралы» Жарлыққа қол қойды

130 0

Қазақстан Президенті «Астана қаласы және Ақмола облысының шекараларын өзгерту туралы» Жарлыққа қол қойды. Құжат ресми баспасөзде жарияланған.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін: Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Астана қаласы жерлерінің жалпы алаңы 17,1 гектар бөлігін Ақмола облысының Целиноград ауданының шекарасына және Ақмола облысы Целиноград ауданы жерлерінің жалпы алаңы 17,1 гектар бөлігін Астана қаласының шекарасына қосып, Астана қаласының және Ақмола облысының шекаралары өзгертілсін», – делінген Жарлық мәтінінде.

Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!