Ауғанстан мен Қазақстан екіжақты ынтымақтастықты нығайтпақ

Фотография - Ауғанстан мен Қазақстан екіжақты ынтымақтастықты нығайтпақ

Бұл жөнінде бүгін Ауғанстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Джавед Лудин журналистерге берген сұхбатында мәлім етті

128 0

Ауғанстан мен Қазақстан екіжақты ынтымақтастықты нығайтпақ. Бұл жөнінде бүгін Ауғанстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Джавед Лудин журналистерге берген сұхбатында мәлім етті.

«Бүгінгі кездесуде екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты нығайтуды талқыладық. Қазақстан Ауғанстанға көптеген бағыттар бойынша көмек көрсетіп келеді. Оның ішінде, білім беру саласында Қазақстан біздің студенттерге жүзден артық грант бөліп отыр. Олар осы елде оқып, кейін Ауғанстанда қызмет етеді», - деді Джавед Лудин.

Ол Ауған билігі алдағы уақытта Қазақстанмен өзара қарым-қатынасты дамытуға мүдделі екенін айтты.

«Біз екі ел арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыруға ниеттіміз. Сауда, инвестиция салаларында байланысты нығайту жолдарын бүгінгі кездесуде талқыладық», - деп атап өтті Лудин.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

авганистан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!