Қазақстандық IT-саласындағы көшбасшы компания Астанада жаңа сауда орнын ашады

Фотография - Қазақстандық IT-саласындағы көшбасшы компания Астанада жаңа сауда орнын ашады

23 қаңтарда Астананың сол жақ жағалауында сандық техниканы сатуға арналған LogyCom дүкенінің ресми ашылуы болады.

300 0

23 қаңтарда Астананың сол жақ жағалауында сандық техниканы сатуға арналған LogyCom дүкенінің ресми ашылуы болады.

Ашылуына министрліктердің, ведомстволардың, бизнес-қауымдастықтардың өкілдері, кәсіпкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары шақырылды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Компанияның ақпаратына қарағанда, дүкеннің ашылуына орай сатып алушылар арасында жүлделер ойнатылатын болады. Бас жүлдеге Fujitsu компаниясының заманауи ультрабугі тігіледі.

Жаңа LogyCom дүкені инновациялы деген атаққа ие болып та үлгерген. Оған барлық негіздер де бар. Дүкен дәстүрлі сауда орындарынан бірқатар параметрлер бойынша ерекшеленеді. Бұл жерде құрал-жабдықтарға еркін қол жеткізу көзделген. Әр келуші фотокамераның, ұялы телефонның, дербес компьютердің немесе ультрабуктің кез келген моделін өзі сынап көре алады.

Дүкеннің тағы бір ерекшелігі - on-line сатулар терминалы. Терминалды пайдалану сатып алушыға тез арада таңдаған тауарының қоймада болуын тексеру, оның сипаттамаларын бағалау, ұқсас тауармен салыстыру және тапсырыс жасау мүмкіндігін береді. Дүкендегі өнімдер каталогы 20-дан астам тауарлық топқа бөлінген 3 мыңнан астам атауды қамтиды. Республика аумағында баламасы жоқ дүкенде сатып алушыларға тек осылай ғана қызмет көрсетілетін болады.

Бұл жерде бизнес клиенттермен кездесулер өткізуге болатын арнайы аумақ бөлінген.

24 - 27 қаңтар аралығында инновациялық дүкенде бөлшек сатып алушылар үшін IT жаңалықтары төмендетілген бағамен сатылатын «премьералық» сатулар өтеді. Сонымен қатар сатып алушылардың бұл тобы күн сайынғы ұтыс ойындарына қатысады.  Әр күні тігілетін бас жүлде  - Fujitsu компаниясының ультрабугі.

Анықтама: «Логиком» АҚ - қазақстандық IT-саласының көшбасшысы, компанияның компьютерлік техника сегменті нарығындағы үлесі 27 пайызды құрайды. «Логиком» - республикадағы компьютерлерді өз сауда белгісімен өндіре бастаған тұңғыш компания. «Логиком» АҚ - отандық IT-компаниялардың ішінде Қазақстан қор биржасының (KASE) жалғыз эмитенті болып табылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!