Елімізде 3 млн-нан астам адам тегін дәрі-дәрмекпен қамтылған

Фотография - Елімізде 3 млн-нан астам адам тегін дәрі-дәрмекпен қамтылған

 Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды

157 0

Қазіргі таңда елімізде тегін дәрі-дәрмекті 3 млн-нан астам адам алады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету өзекті мәселелердің ірі болып қала бермек. Бұл мәселені біз талқылауға көшкен кезде халықтың бір бөлігі дәрі-дәрмектерді тек 50% жеңілдікпен сатып ала алатын. Қоғамдық бірлестіктермен жүргізілген көптеген талқылаулар, әлемдік тәжірибені зерттеу нәтижесінде өткен жылы халықтың бұл санатын 100% мемлекет қаржысы есебінен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шешімі қабылданған болатын. Қазіргі таңда аталмыш бағдарлама бойынша елімізде тегін дәрі-дәрмекті 3 млн-нан астам адам алады. 48 ауру түрі бойынша біз азаматтарымызды толығымен тегін дәрілермен қамтып отырмыз. Бұл жүйе 18 жасқа дейінгі балаларды, жүкті әйелдерді және есепте тұрған диспансерлік топтағы науқастарды тегін дәрімен толық қамтиды», - деді Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында.

ҚР Денсаулық сақтау баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2012 жылы қазақстандықтарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтуға 100 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Оның 37 млрд теңгесі амбулаторлық деңгейде дәрілік құралдармен қамтамасыз етуге бағытталды. Дәрігерлердің рецепті бойынша тегін берілтен дәрілердің тізіміне 48 нозология бойынша 400-ден астам дәрілік препарат кіреді. Оларды қаржыландыру 35 ауру түрі бойынша жергілікті бюджет, 13 түрі бойынша республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!