ҚМГ БӨ Бас директоры өкілеттігін тапсырды

Фотография - ҚМГ БӨ Бас директоры өкілеттігін тапсырды

деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі

237 0

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Бас директоры Алик Айдарбаев Маңғыстау облысының әкімі қызметіне тағайындалуына байланысты өкілеттігін тапсырды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ» «Компания») 2013 жылдың 18 қаңтарында Басқарма төрағасы (Бас директор) Алик Айдарбаевтың ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Маңғыстау облысының әкімі лауазымына тағайындалуына байланысты, өз өкілеттігін тапсырғанын хабарлайды. Жаңа Бас директорды тағайындау туралы шешім жуық уақытта ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінде қабылданатын болады», - делінген Компания таратқан хабарламада.

Алик Айдарбаев ҚМГ БӨ-де жетекшілік еткен кезеңде бірқатар әкімшілік-шаруашылық өзгерістер жасалды. «Өзенмұнайгаз» және «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалдары акционерлік қоғамдар болып құрылды, «Технологиялық көлік және ұңғыларға қызмет көрсету» ЖШС және «Өзенмұнайгаз» АҚ Бұрғылау жұмыстары басқармасы – екі жаңа кәсіпорыны құрылды, Өндірісті жаңғырту ауқымды бағдарламасын іске асыру жұмыстары басталды, ҚМГ БӨ компаниялар тобы жұмыскерлерінің еңбек ету жағдайын жақсартуға арналған нақты шаралар қабылданды.

«Өткен жылы ҚМГ БӨ алдына өндірісті жаңғырту және еңбек қатынастарын қалыпқа келтіру саласында жауапты міндеттер жүктелді. Мен осы жобалардың іске асырылуына қолдау көрсетіп, белсенді атсалысқан ҚМГ БӨ ұжымына және барлық еншілес және қарасты кәсіпорындар жетекшілеріне ризашылығымды білдіремін. Біздің кәсіпорындар ұжымдарымен бірлесіп үлкен істерді атқардық. Одан әрі жұмыстың жалғасын табуына қуатты негіз қаланды. Мен Компанияның одан әрі қарқынды даму әлеуетіне сенемін», - деп мәлім етті Алик Айдарбаев.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

компания

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!