Қазақстан террористермен "келіссөз жүргізушілер" дайындауға көшті

Фотография - Қазақстан террористермен "келіссөз жүргізушілер" дайындауға көшті

ҰҚК қызметкерлері Украинаның қауіпсіздік қызметінің ұлттық академиясы мен Беларусьтің мемлекеттік қауіпсіздік комитеттеріне оқуға жіберіледі.

367 0

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) антитеррорлық орталығы жанынан осы ведомства мамандары мен ішкі істер министрлігі қызметкерлерінен құралған келіссөз жүргізу топтары құрылған.

ҰҚК қызметкерлері Украинаның қауіпсіздік қызметінің ұлттық академиясы мен Беларусьтің мемлекеттік қауіпсіздік комитеттеріне оқуға жіберіледі. Бұдан бөлек, арнайы қызмет өкілдері Ұлыбритания мен Түркияның полицейлік академияларында келіссөз жүргізу тәсілдерін меңгеріп, француз және немістердің арнайы қызмет өкілдері өткізген тренингтерге қатысқан.

ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев террористермен келіссөз жүргізетін маманның ең бірінші кезекте психолог болуы керек екенін айтады.

- Олар жағдайдың бүге-шегесіне дейін білетін, осы саладағы мықты дайындалған мамандар болуы керек. Айталық, діни экстремизм болса, сол тақырыпты жақсы меңгерген болуы тиіс. Психологиялық тұрғыда жақсы дайындалып, келіссөз жүргізіп отырған адамдарға арнайы психологиялық ықпал ету тәсілдерін қолдана білуі керек. Мәселені ушықтырмай, ол адамдардың жүрегіне жол таба алуы тиіс, - дейді Н.Дүтбаев.


Тегтер:

террорист

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!