Шымкенттің маңында құлаған АН-72 әуеге көтерілген соң бірден істен шықты

Фотография - Шымкенттің маңында құлаған АН-72 әуеге көтерілген соң бірден істен шықты

Қазақстанның оңтүстігінде Шымкент маңында АН-72 әскери-көліктік ұшағының апатқа ұшырауы ұшақтың  жабдықтарындағы ақаулықтардан және экипаждың қателіктерінен болған  деп мәлімдеді республика бас прокуратурасының  ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков

226 0

Қазақстанның оңтүстігінде Шымкент маңында АН-72 әскери-көліктік ұшағының апатқа ұшырауы ұшақтың  жабдықтарындағы ақаулықтардан және экипаждың қателіктерінен болған  деп мәлімдеді республика бас прокуратурасының  ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков.


2012 жылғы 25 желтоқсанда Шымкент маңында Шекара қызметінің АН-72 әскери-көліктік ұшағы апатқа ұшырап, экипаждың барлық мүшелері және оның жолаушылары мерт болғаны белгілі.


«Тергеумен жинақталған материалдар Шекара қызметінің АН-72 ұшағының апатының себептері келесі негізгі жағдайлардың жиынтығы болған деген тұжырым жасауға мүмкіндік беріп отыр: біріншіден - ұшақтың борт жабдықтарындағы ақаулар (автопилоттың және радиобиіктік өлшегіштің істен шығуы; барометрлік биіктікті өлшеу құралдарының іркілістері);екіншіден -ұшақты ұшыру кезіндегі экипаж командирінің қателіктері (жердің жақындағанын ерте ескерту жүйесін қоспағандығы; ұшақты басқаруды тәртіпке қайшы командирдің көмекшісіне беруі; барометрлік биіктік өлшегіште Шымкент әуежайының қысымын орнатпағандығы)»,-деді Сүйіндіков сейсенбіде Астанада брифингте.


Атап айтқанда, оның айтуынша, ұшу деректерін тіркеуіштің мәліметтері негізінде тергеумен, сондай-ақ ұшып көтерілгеннен кейін 2 минут 40 секунд өткен соң радиобиіктік өлшегіштің істен шыққандығы, бұл ретте, жердің жақындағанын ерте ескерту жүйесі (TGPWS Mark VIII) қосылмағандығы анықталды.


«Ұшу барометрлік биіктік өлшегіш құралдарының көрсеткіштері негізінде жалғастырылған», - деп атап айтты ол.


Сонымен қатар, бас прокуратураның ресми өкілінің  айтуынша, «ұшқыштардың сөздеріне сәйкес ұшу кезінде ұшақтың мұздануы орын алған».


Ол - жаңбыр аралас қар, тоңазытылған тұман, шектелген көріну, қатты мұздану секілді күрделі метеорологиялық жағдайларды атап айтты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!