Қашағандағы жобалардан 7 мыңнан астам қазақстандық жұмыстан босайды

Фотография - Қашағандағы жобалардан 7 мыңнан астам қазақстандық жұмыстан босайды

Солтүстік Каспийдегі кен орындарын игеруші «Қашаған» жобасынан босаған 1040 адамды жұмысқа орналастырады.

205 0

Атыраудағы инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатқан «СИНОПЕК Иижиниринг» компаниясы Солтүстік Каспийдегі кен орындарын игеруші «Қашаған» жобасынан босаған 1040 адамды жұмысқа орналастырады.

Бұл жөнінде облыс әкімдігі, «Атырау Мұнай өңдеу зауыты» ЖШС және «СИНОПЕК» компаниясы арнайы меморандумға қол қойды. Мұнай өңдеу зауытында екі бірдей жаңа кәсіпорын салып жатқан қытайлық компания бірінші кезекте Солтүстік Каспийдегі теңіз түбі және жер бетіне салынған нысандардағы құрылысты аяқтаған жұмысшыларды қабылдайды. Отандық бір топ маман жергілікті мұнай өңдеу зауыты құрамындағы хош иісті көмір сутегі өндірісі кешені мен мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысына атсалысатын болады. Дәл қазір аталған нысандарда 1,5 мың адам жұмыс істеп жатыр. Биыл Қашағандағы жобалардан 7 мыңнан астам қазақстандық маман жұмыстан босайды. Оның тең жартысы жергілікті тұрғындар. Ал, мамандарды кәсіби даярлықтан өткізуді облыстық әкімдік өз мойнына алды.

Қайта даярлау, оқыту мәселесімен осы облысымыздағы колледждер, сосын оқу орталықтары айналысады. Сонымен қатар «Кәсіпқор» қорының көмегімен ашылған орталықта кәсіптік білім беру жүргізіледі. Көбірек сұранысқа ие мамандықтар негізінен құрылыс мамандықтары.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!