Ауыл шаруашылығы министрлігі 2013 жылы ҚР-да бидайдың алқабын азайтуды жоспарлауда

Фотография - Ауыл шаруашылығы министрлігі 2013 жылы ҚР-да бидайдың алқабын азайтуды жоспарлауда

Көктемгі егін егу жұмыстары 18,5 млн гектар алқапта жүргізілмек. Дәнді-дақылдар шамамен 15,9 млн га алқапқа себіледі

814 0

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2013 жылы бидайдың егіс  алқабы 2 % қысқарады деп болжауда деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігінен.

«Облыстардың алдын ала берген деректеріне қарағанда, 2013 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 21,3 млн гектар алқапқа егу жоспарланған. Бұл 2012 жылдың деңгейімен шамалас», - делінген баспасөз хабарламасында.

Көктемгі егін егу жұмыстары 18,5 млн гектар алқапта жүргізілмек. Дәнді-дақылдар шамамен 15,9 млн га алқапқа себіледі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2013 жылы бидай мен күріш алқаптарын қысқартып, жүгері және басқа дәнді-дақылдарға бөлінетін егістік алқабын кеңейту жоспарланған. «Бидай алқабын 2012 жылдың деңгейінен 329 мың гектарға (2%), күріш алқабын 6,0 мың гектарға (7%) қысқарту көзделген. Жүгері тұқымын алатын алқапты 5 мың гектарға және басқа да дәнді дақылдарға бөлінетін алқапты 22 мың гектарға кеңейту жоспарлануда», - делінген хабарламада.

«2013 жылы майлы дақылдарды 1,8 млн гектар, мақтаны 148 мың гектар, көкөніс және бақша дақылдары мен картопты 393 мың гектар, азықтық дақылдарды 3,0 млн гектар алқапқа егу жоспарланып отыр»,-делінген баспасөз хабарламасында.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!