Қазақстан мен Ресей Сыртқы істер министрлері көршілік және одақтастық туралы келісімді талқылайды

Фотография - Қазақстан мен Ресей Сыртқы істер министрлері көршілік және одақтастық туралы келісімді талқылайды

Бұл туралы Ресей СІМ-нің ақпарат және баспа департаментінен мәлім етті.

241 0

Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов сыртқы саясат ведомствосының басшысы ретінде 24-25 қаңтар аралығында Ресейге жасайтын алғашқы ресми сапары барысында әріптесі Сергей Лавровпен кездесу өткізеді.

Бұл туралы Ресей СІМ-нің ақпарат және баспа департаментінен мәлім етті.

РФ СІМ-нен хабарлағандай, келіссөздер барысында ағымдағы жағдай мен екіжақты ықпалдастықтың болашағын, интеграциялық құрылымдарда өзара әрекет ету мәселелерін талқылау, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті проблемалар бойынша пікір алмасу өткізу көзделеді.

«Онымен қоса, алдағы болашаққа бірлескен қызметтің негізгі бағыттарын айқындайтын Ресей мен Қазақстанның 2013-2015 жылдарға арналған кезекті Бірлескен іс-шаралар жоспары талқыланатын болады. Сыртқы саясат ведомстволарының басшылары 21 ғасырға бағдарланған Көршілік және достық туралы жаңа базалық келісімнің әзірленуіне, сондай-ақ мемлекет басшыларының қатысуымен Екатеринборда өтетін Ресей және Қазақстанның өңіраралық ықпалдастығының Х  форумы мәселелеріне назар аударады», - делінген таратылған хабарламада.

Онымен бірге, еуразиялық интеграция сонымен қатар, посткеңестік кеңістікте жұмыс істеп тұрған ТМД, ҰҚШҰ және ШЫҰ сынды интеграциялық бірлестіктерді дамыту тақырыбын көтеру жоспарланады.  Сондай-ақ Сирия, Ауғанстан, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдеріндегі қалыптасқан жағдайларды қоса алғанда, халықаралық проблемалар бойынша пікірлер алмасылатын болады.

Келіссөздер барысында Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрліктері арасындағы ықпалдастық жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қою көзделеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!