Жамбыл облысының КБД 205 млн теңгенің контрабанда фактісін жоққа шығаруда

Фотография - Жамбыл облысының КБД 205 млн теңгенің контрабанда фактісін жоққа шығаруда

2012 жылғы 29 қазанда Жамбыл облысы КБД қызметкерлері «Айша бибі» кеден бекетінде 2 көлікті тоқтатады

186 0

Жамбыл облысы Контрабандаға қарсы күрес басқармасы КБД бұған дейін облыстық прокуратура мәлімдеген 205 млн теңгенің контрабанда фактісін жоққа шығаруда.

«2012 жылғы 29 қазанда Жамбыл облысы КБД қызметкерлері жедел шараларды жүргізу кезінде «Айша бибі» кеден бекетінде «Түркия–Ресей–Қырғызстан бағытымен кедендік транзит процесі бойынша кетіп бара жатқан тіркемесі бар 2 көлікті тоқтатады. Көліктерді тексеру барысында көліктерде және тіркемелерде тауардың ілеспе құжатында көрсетілмеген тоқыма өндірісінің түрлі тауарары бар екені анықталды», – делінген хабарламада.

Ведомствода атап өткендей, қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес, аталған факті 30.10.2012 ж. Жамбыл облысы КБД ААЕК-ге (Қылмыстар туралы арыздар мен ақпараттарды есепке алу кітабы) тіркеліп, сәйкес органдардың бақылауында болған.

Тергеу алдындағы тексеру кезінде аталған көліктегі тауардың орташа нарық және кедендік құнын анықтау үшін шаралар қабылданып, Қырғыз Республикасына, Түркия Республикасына және Ресей Федерациясына өтінімдер жолданды.

«Аталған факті жөнінде Ресей Федерациясы ФКҚ-ға хабарланды және тексеру ҚР ҚМ КБК-нің тұрақты бақылауында», – делінген баспасөз қызметінде. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!