Соңғы 4 жылда еңбек өнімділігі 1,4 есеге артты

Фотография - Соңғы 4 жылда еңбек өнімділігі 1,4 есеге артты

Бұл туралы бүгін 2012 жылдың қорытындысын шығару мен Қазақстан-2050 стратегиясын жүзеге асыру міндеттеріне арналған мәжіліс барысында ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов мәлімдеді

171 0

Еңбек өнімділігі соңғы 4 жылда 1,4 есе артты. Бұл туралы бүгін 2012 жылдың қорытындысын шығару мен Қазақстан-2050 стратегиясын жүзеге асыру міндеттеріне арналған мәжіліс барысында ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов мәлімдеді.

«Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру арқылы өңдеуші өнеркәсіп саласында тұрақты өсім байқалып отыр. Қазақстанда тұңғыш рет фотоэлектр модульдерінің зауыты ашылды. Машина жасаудың жаңа саласы пайда болды», - деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ, оның ұсынған мәліметтеріне сәйкес, еліміздің мұнай және газ саласында да бірқатар өсімдер байқалады. Мәселен, 2008 жылдан бастап мұнай және газ өндіруші құрылғылар 5,1 есеге артып, мұнай кәсіпорны 3,2 есе, ауылшаруашылық құрылғылар 2 есеге артқан.

Баяндама жасау барысында Үкімет басшысы еңбек өнімділігінің де артқанын атап өтті.

«Еңбек өнімділігі соңғы 4 жылда 1,4 есе артып, бір жұмысшыға шаққанда 38 мыңнан 52 мың АҚШ долларына дейін жетті», - деді С.Ахмтеов.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

премьер

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!