Рұқсат құжаттарының саны тағы 30%-ға қысқартылды

Фотография - Рұқсат құжаттарының саны тағы 30%-ға қысқартылды

Сондай-ақ ол ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап лицензиялар электрондық түрде беріле бастағанын еске салды

132 0

2012 жылы рұқсат құжаттарының саны тағы 30%-ға қысқартылды. Ақордада өтіп жатқан 2012 жылдың қорытындысын шығару мен Қазақстан-2050 стратегиясын жүзеге асыру міндеттеріне арналған мәжіліс барысында Премьер-министр Серік Ахметов осылай мәлімдеді.

«Бизнес климатты жақсарту мақсатында ұдайы жұмыс жүргізілуде. Сіздің (Елбасының – агент. ескерт.) тапсырмаңызға сәйкес, 2012 жылы рұқсат құжаттарының саны тағы 30%-ға қысқартылды», - деді Премьер.

Сондай-ақ ол ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап лицензиялар электрондық түрде беріле бастағанын еске салды.

«Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап лицензиялар электрондық түрде беріле бастады. Шағын бизнес субъектілері мен жеке меншікті тіркеу бір күннің ішінде жүргізіледі», - деп толықтырды Үкімет басшысы.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

премьер

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!