Қазақстандағы әрбір отбасыға бюджеттік мәдениет керек

Фотография - Қазақстандағы әрбір отбасыға бюджеттік мәдениет керек

2012 жылдың қорытындысы мен жаңа міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған Ақордада өтіп жатқан кеңес барысында Елбасы Н.Назарбаев осылай мәлім етті

155 0

Қазақстандағы әрбір отбасыға бюджеттік мәдениет керек. 2012 жылдың қорытындысы мен жаңа міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған Ақордада өтіп жатқан кеңес барысында Елбасы Н.Назарбаев осылай мәлім етті.

«Отбасының өзі кішігірім мемлекет деп бекер айтылмаған. Әбір азамат өзінің отбасында жоспар құрып өмір сүруі керек. Әрбір жанұяға бюджеттік мәдениет керек. Халқымыз үнемі табысына қарай тақиясын шақтап, көрпесіне қарай көсілуді үйреткен. Дағдарыс бітті екен деп ойлап, басқаша өмір сүруге болмайды», - дей келе Елбасы әрбір үйде су мен энергия жарығының үнемделгені дұрыс деген ой айтты. «Үйдегі жарық пен суды, қалтадағы телефон мен тақымдағы көлікке дейін ескергеніміз абзал. Оңай келетін ақша мен жеңіл өмір жоқ. Міне, мемлекетте де осылай», - деді Президент.

 

bnews.kz cfqnsyfy


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!