Дуалды оқыту еліміздің 100-ден астам колледждеріне енгізіледі

Фотография - Дуалды оқыту еліміздің 100-ден астам колледждеріне енгізіледі

Қазақстанда дуалды оқыту жүйесі 100-ден астам колледжге енгізіледі.

407 0

Қазақстанда дуалды оқыту жүйесі 100-ден астам колледжге енгізіледі. Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың қатысуымен 2012 жылдың қорытындысына және «Қазақстан -2050» стратегиясын жүзеге асыруға арналған Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов осылай мәлім етті.

Үкімет басшысының айтуынша, техникалық және кәсіби білім беру саласын жаңғырту аясында білім беру жүйесіндегі дуалды оқыту дамытылатын болады. Бұл жүйе жұмыс берушілердің тікелей қатысуымен кәсіпорындарда теориялық және тәжірибелік оқытуларында қарастырылатын болады. «Соған орай, еліміздің 100-ден астам колледждерінде дуалды оқыту элементтерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде», - дейді С. Ахметов.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!