Бейсенбі күні еліміздің басым аумақтарында боран болып, жел күшейеді

Фотография - Бейсенбі күні еліміздің басым аумақтарында боран болып, жел күшейеді

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» РМК мәліметіне қарағанда, 24-ші қаңтарда еліміздің басым аумақтарында қар жауып, боран соғады, желдің екпіні күшейеді

117 0

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» РМК мәліметіне қарағанда, 24-ші қаңтарда еліміздің басым аумақтарында қар жауып, боран соғады, желдің екпіні күшейеді. Кейбір аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда.

Алматы облысының кейбір жерлерінде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз желдің екпіні секундына 28 метрге жетеді. Ақмола, СҚО, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында боран соғады, ШҚО және Павлодар облыстарында желдің екпіні 26 м/с. дейін күшейеді.

Қостанай, Қарағанды облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с жетіп, боран соғады, түнде және таңертеңгі уақытта тұман түседі, көктайғақ болады. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кейбір аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жамбыл, ОҚО, Қызылорда облыстарында да тұман түсіп, жел күшейеді. Қызылорда облысында көктайғақ болады деп болжануда, ал Маңғыстау облысында тұман түседі.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

ауа райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!