Қазақстандық студентті соққыға жыққан американдық баскетболшы түрмеге қамалды

Фотография - Қазақстандық студентті соққыға жыққан американдық баскетболшы түрмеге қамалды

Үкім сейсенбі күні, 22 қаңтарда шығарылды

250 0

Провиденс қаласының соты (Род-Айленд штаты ) 22 жастағы американдық Джеймс Стиллді (James Still) өзінің курстасы - қазақстандық студент Еркін Әбдірахмановты өлім аузына дейін сабап, соққыға жыққаны үшін төрт жылға соттады және 11 жылға сынақ мерзімін тағайындады, үкім сейсенбі күні, 22 қаңтарда шығарылды. 

Жергілікті команданың баскетболшысы және оның жолдасы Джонни Лейси 2010 жылдың сәуір айында отандасымызға шабуыл жасап, оның жақ сүйегін 16 жерден сындырған. Дәрігерлер Еркінге бірнеше пластикалық ота жасауға мәжбүр болған.

Тексеру амалдарынан белгілі болғандай, оқиға орын алған күні спортшылар университет аумағында серуендеп, ішімдікке сылқия тойған. Олардың бірі жолда кездескен кез-келген жолаушыны ұрып соғуды ұйғарады. Өкінішке қарай оларға кездескен бірінші жәбірленуші қазақстандық студент болып шықты.

Жергілікті БАҚ хабарлағандай, екі атлет шетелдікті себепсіз соққыға жыққаны үшін 20 жылға түрмеге тоғытылулары әбден мүмкін еді. Алайда американдық Фемида бұл ретте оларға «жұмсақтық» танытты. Бұған дейін қазақстандық студентке шабуыл жасаған екінші американдық 3 жылға бас бостандығынан және 12 жыл сынау мерзіміне тартылу жазасына кесілген болатын.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!