Шымкент сауатсыз шенеуніктердің саны бойынша рекорд қойды

Фотография - Шымкент сауатсыз шенеуніктердің саны бойынша рекорд қойды

Тек бұл өңірде ғана мемлекеттік қызметкерлердің тең жартысы аттестациядан өте алмай құлаған

140 0

Тек бұл өңірде ғана мемлекеттік қызметкерлердің тең жартысы аттестациядан өте алмай құлаған.

Еліміздің қолданыстағы заңдары бойынша өткен емтиханнан мыңға жуық қызметкер сүрінген. Кейбірі күні бүгінге жұмыстан да кетіп үлгеріпті. Облыс әкімдігі нашар көрсеткішке ие болғандармен күресін бастап та кетті.

Оңтүстік шенеуніктерінің ел аузындағы әзіл әңгіменің кейіпкері болуы ғажап емес. Мемлекеттік қызметкерлер арасында сауатсыздары көптігі бойынша осы оңтүстік аймақ көш бастап тұр. Негізгі себеп — кейбір атқамінерлер еліміздің заңдарын жатқа білмейтін болып шықты.

Үш жылда бір келетін аттестациядан мыңға жуық қызметкер оңбай сүрінген.

Ермағанбет Бөлекбаев, ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің аймақтық басқарамасының бастығы:

- Мемлекеттік қызметкерлер аттестациядан өтуі міндетті. Бірінші кезеңде олар тест тапсырды. Бірден 1073-і сүрінді, көрсеткіштері нашар болды. Көбісі оқымайды, өздерінің білімін жетілдіруге көңіл де бөлмейді.

Аттестация сұрақтарына жауап беру үшін, шенеуніктерге үш сағат беріледі. Үш рет қанағаттанарлықсыз баға алғандары бірден қызметтен кетеді. Өңірімізде 51 мемлекеттік қызметкер сынақтан осылай 3 ретте де өте алмаған. Олардың басым бөлігі аудандарда қызмет еткендер.

Ермағанбет Бөлекбаев, ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің аймақтық басқарамасының бастығы:

- Мен ойлаймын, сауатты адам ауданда жұмыс істемейді деп. Білімі барлар жоғарыға ұмтылады. Жоқтары қала береді.

Сауатсыздықпен күрес осыдан бірнеше жыл бұрын басталған. Мәселен, олар үш жылда бір рет міндетті түрде біліктілігін арттыратын курстарға барады. Ал сынақтарға алты ай дайындалады.

Сынақтан өткендердің де еркінситін жөні жоқ. Өйткені елімізде мемқызметішлерді енді екі топқа бөлмек. Сонда А корпусында тек білікті де, білімділері жұмыс істесе, Б корпусында кімдердің қызмет ететінін өзіңіз сараптай беріңіз.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!