Ресей Байқоңырға қатысты ультиматум қойғаны хабарланды

Фотография - Ресей Байқоңырға қатысты ультиматум қойғаны хабарланды

Бірақ министрліктің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров бұған қатысты нақты түсінік бермеді.

258 0

Ресей сыртқы істер министрлігі Қазақстанға Байқоңырдан зымыран ұшыру мәселесіне қатысты ультиматум қойған нота жолдады деп хабарлайды 24 қаңтарда ресейлік "Известия" басылымы.

Басылымның жазуынша, Ресей жағы "Қазақстан егер Байқоңырдан ұшырылатын зымыран санын қысқартау шешімін қайта қарамаса, Мәскеу ғарыш зымырандарын ұшыруға қатысты барлық бірлескен жобаларда ынтымақтастығын тоқтадады" деген сыңайда талап қойған. "Известия" Ресей жағының бұдан өзге қолданар шаралары "Қазақстан сыртқы істер мниистрлігіне жолданған ресми хатта келтірілген" дегенді алға тартады.

Бірақ министрліктің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров бұған қатысты нақты түсінік бермеді. "Қазір Ресей мен Қазақстан министрлері арасында келіссөздер жүріп жатыр, соның нәтижесін көріңіз" деді ол.

Өткен жылдың соңында Қазақстан үкіметі Ресей ұшыратын "Протон-М" зымыран тасығышының санын 14-тен 12-ге дейін қысқарту туралы құжат дайындаған еді.

Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов 24-25 қаңтар күндері Ресейге ресми сапармен барады.


Тегтер:

Байқоңыр

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!