Дауыл соққан кезде әрбір ғимараттың алдына кеудемді тоса алмаймын ғой

Фотография - Дауыл соққан кезде әрбір ғимараттың алдына кеудемді тоса алмаймын ғой

Жамбыл облысында бұрын-соңды соғып көрмеген дауылдан мен халықты қалай қорғаймын?

199 0

Бүгін Парламент Мәжілісінде «Азаматтық қорғаныс туралы» заң жобасын таныстырған еліміздің төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко таяуда Жамбыл облысында болған дауыл сияқты төтенше жағдайлар әлі де болуы мүмкіндігін ескертті.

«Жамбыл облысында бұрын-соңды соғып көрмеген дауылдан мен халықты қалай қорғаймын? Мен дауыл соққан кезде әрбір ғимараттың алдына барып, желге кеудемді тоса алмаймын ғой..», - деді В.Божко.

Оның айтуынша, елімізде осыған ұқсас төтенше жағдайлар болуы мүмкін екендігі жайлы болжамдар бар. Және де қазіргі уақытта су тасқыны болуы мүмкін деген аудандарда төтенше жағдайға жол бермеу үшін әкімдіктер тиісті шараларды қолға алуды бүгіннен бастауы керек, дейді министр.

«Биыл бірқатар облыстарда төтенше жағдайлардың салдарын жоюға бюджеттен әлдеқайда көп ақша бөлінген», - деді министр. Айта кетейік, Төтенше жағдайлар министрі Жамбыл облысында бұрын мұндай дауыл соқпады дегенмен бірер күн бұрын Астанада брифинг өткізген Қазгидромет 2008-2012 жылдар аралығында еліміз бойынша секундына 30 метр жылдамдықтан күшті жел соққан 235 оқиға анықталса, соның 19-ы Жамбыл облысында болғанын хабарлаған еді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Су басты

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!