Ресей Қазақстанға 500 млн.доллар айып салмақ

Фотография - Ресей Қазақстанға 500 млн.доллар айып салмақ

Ресей қазақ елін 500 млн АҚШ доллары көлімінде айыппұл төлеуге міндеттемек.

147 0

Байқоңыр ғарыш айлағына қатысты келісімшартты орындамағаны үшін Ресей қазақ елін 500 млн АҚШ доллары көлімінде айыппұл төлеуге міндеттемек.

Осындай тақырыппен жарық көрген ресейлік «Известие» газетіндегі мақала көпшілікті елең еткізді. Бұл мақалада биыл қазақ Үкіметінің Байқоңырдан ұшырылатын ресейлік зымырандар санын азайтқандығы айтылады. Мұндай шешімге терістіктегі қусаң кетпейтін көрші келіспейді. Аталмыш мақалада қазақ елі айтқанынан қайтпаса, Ресей ғарыш саласындағы барлық екі жақты келісімшартты жоятыны жазылған. Алайда, еліміздің Сыртқы істер министрлігі Ресей мемлекетінің мұндай айыппұлды талап еткенін жоққа шығарды. ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов жұмыс сапарымен Ресейде. Осы сапар барысында екі тараптың Сыртқы істер министрлері кездесіп, Байқоңыр мәселесін талқыламақ.

Жанболат ҮСЕНОВ, ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары: Нақты айтқанда, қазіргі таңда, Байқоңыр ғарыш айлағын бірлесе қолдану мәселелері бойынша әдеттегі келіссөздердің жұмыс процесі жүріп жатыр. Оның барысында қазақстандық тарап «Ресей – біздің тарихи әріптесіміз және ортақтасымыз» екенін толығымен ескере отырып, ең алдымен өзінің ұлттық мүдделерін басшылыққа алуда. 500 млн АҚШ доллары туралы еш нәрсе айтылмаған. Қазақстандық тараптың ұстанымы – зымырандарды жіберудің санын қысқарту. Бірақ, ресейлік тарап толығымен бұнымен келіспей жатыр.


Тегтер:

Байқоңыр

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!