Қызылорда облысының бұрынғы әкімі БҚА басшысы болып тағайындалды

Фотография - Қызылорда облысының бұрынғы әкімі БҚА басшысы болып тағайындалды

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ҚР бәсекелестікті қорғау агенттігінің ұжымына ведмоствоның жаңа басшысы Болатбек Қуандықовты таныстырды

193 0

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ҚР бәсекелестікті қорғау агенттігінің ұжымына ведмоствоның жаңа басшысы Болатбек Қуандықовты таныстырды деп хабарлайды жұмада үкімет басшысының баспасөз қызметінен.


«Б.Қуандықов Ұлттық Банк жүйесінде, экономика және бюджеттік жоспарлау, төтенше жағдайлар министрліктерінде басшылық қызметтер атқарды. Қызылорда облысының әкімі болды,өңірлердің жағдайын жақсы біледі»,- деді С.Ахметов.


Үкімет Басшысы Агенттік алдына еліміздің Президенті бірқатар маңызды міндеттер қойып отырғанын атап көрсетті.


«Біріншіден, азық-түлік тауарларының бағасы айрықша бақылауда болуы керек. Бұл әлеуметтік маңызды мәселе, сондықтан әкімдермен бірлесе отырып, азық-түлік бағасының негізсіз көтерілуіне жол бермеу қажет. Сонымен қатар, отын, жанар-жағар май нарығындағы баға саясаты мұқият қадағаланып отыруы тиіс»,- деді С.Ахметов.


Сондай-ақ С.Ахметов агенттіктің бұрынғы басшысы Ғабидолла Әбдірахымовқа жемісті еңбегі үшін алғыс айтты.


Мемлекет Басшысының Жарлығымен Ғ.Әбдірахымов Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалғаны белгілі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!