Астанада қар еріп жатыр

Фотография - Астанада қар еріп жатыр

Биыл Астананың қысы қарлы. Әдеттегідей ызғарлы болып басталғанымен соңғы бірер күннен бері Елордада ауа-райы күрт жылынды. Көше бойы үйілген қар еріп жатыр. Алайда, «Қазгидромет» мамандары ақпан айында қыстың қаһарына мінетіндігін мәлімдеуде

303 0

Биыл Астананың қысы қарлы. Әдеттегідей ызғарлы болып басталғанымен соңғы бірер күннен бері Елордада ауа-райы күрт жылынды. Көше бойы үйілген қар еріп жатыр. Алайда, «Қазгидромет» мамандары ақпан айында қыстың қаһарына мінетіндігін мәлімдеуде.

Ауа-райын болжаушылардың айтуынша, күннің жылынуы алдамшы құбылыс. Аптаның соңында, яғни демалыс күндері Астана жауын-шашынды болмақ. Ал, 28 қаңтардан бастап аязды күндер қайта басталады. Ішінара ауа температурасының қайта жоғарылауы да ықтимал дейді «Қазгидромет» өкілдері.

Ақпан айы да әдеттегідей жауын-шашынды және ызғарлы болады деп күтілуде. Айдың алғашқы екі он күндігінде ауа-райы құбылмалы. Ал, соңғы он күндігінде тұман түсіп, жел күшейуі мүмкін.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!