Әкімдіктер жанынан Дін істері басқармасы құрылуы тиіс

Фотография - Әкімдіктер жанынан Дін істері басқармасы құрылуы тиіс

Әкімдіктер жанынан Дін істері басқармасы құрылуы тиіс. Бүгін ҚР Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезекті отырысы барысында Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф осылай мәлім етті

233 0

Әкімдіктер жанынан Дін істері басқармасы құрылуы тиіс. Бүгін ҚР Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезекті отырысы барысында Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф осылай мәлім етті.

«Елбасы жақында ғана Үкімет мүшелерімен болған кеңесте орталықсыздандыру мәселесіне қатысты нақты тапсырма жүктеді. Соған орай, бізде 86 штаттық бірлікті барлық облыстық әкімдіктердегі департаменттерге өткізіп жатырмыз. Сондықтан да, бүгінгі күннен бастап дін істерінің мамандары жергілікті әкімдіктерде болады. Бір ғана өтініш, оларды ішкі саясат бөліміне енгізудің қажеті жоқ. Үкіметке жазған хатымызда да біз әкімдіктер жанында Дін істері басқармасы болуы тиістігін айтқанбыз», - дейді Қ. Лама Шариф. Оның айтуынша, бүгінгі күні әкімдіктерге агенттікке қарасты 4 функция берілуде. Алдағы уақытта ондай функциялардың қатары кеңеюі мүмкін.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!