Министр Байқоңырға қатысты түсініктеме берді

Фотография - Министр Байқоңырға қатысты түсініктеме берді

Біздің мұндай ынтымақтастықтан бас тартатынымыз туралы кез-келген ұйғарым - ақылға қонымсыз

201 0

Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Ресейдің Қазақстанға Байқоңыр ғарыш айлағына қатысты жобаларды тоқтатуы жайында нота жібергені туралы ақпаратты "ақылға қонымсыз" деп бағалады. Бұл туралы ол ресейлік "Коммерсантъ" басылымына берген сұхбатында айтты.

"Біздің мұндай ынтымақтастықтан бас тартатынымыз туралы кез-келген ұйғарым - ақылға қонымсыз. Қазір Байқоңырдың әлеуетін толықтай пайдалану және оны ары қарай технологиялық тұрғыдан дамыту шараларын бірлесе ойластырып, оны жүзеге асыру туралы әңгіме жүріп жатыр" деген ол сұхбатында.

Осыдан бір күн бұрын ресейлік ақпарат құралдары "Ресей сыртқы істер министрлігі Қазақстанға Байқоңырдан зымыран ұшыру мәселесіне қатысты ультиматум қойған нота жолдады" деген ақпараттар таратқан еді.

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов 24 қаңтардан бері Ресейде ресми сапармен жүр.


Тегтер:

космос

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!