Қазақстан Иранға қатысты келіссөз өткізуге дайын

Фотография - Қазақстан Иранға қатысты келіссөз өткізуге дайын

деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің өкілі Жанболат Үсенов

138 0

Қазақстан Иранның ядролық бағдарламасына қатысты алты елмен жүргізілетін келесі келіссөздерді өзінде өткізуге дайын деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің өкілі Жанболат Үсенов.

Министрліктің халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Жанболат Үсеновтің айтуынша, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мұндай ұсынысты өткен жылдың жазында Иран сыртқы істер министрі Акбар Салехимен кездесуінде айтқан.

"Келіссөздердің Қазақстанда өтуі оған қатысатын тараптардың келісіміне байланысты" дейді министрлік өкілі.

Халықаралық қауымдастық, әсіресе Батыс елдері Иранды "ядролық қару жасайтын бағдарламаларын дамытып жатыр" деп айыптап, бірқатар санкциялар салған. Бірақ Тегеран ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатты көздейтінін мәлімдеп келеді.

Тегеранмен келіссөз жүргізетін алты ел - АҚШ, Ресей, Қытай, Германия, Ұлыбритания және Франция.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!