Хиджаб шын мәнінде де арабтікі, оның мұсылмандар киіміне еш қатысы жоқ

Фотография - Хиджаб шын мәнінде де арабтікі, оның мұсылмандар киіміне еш қатысы жоқ

Бұл туралы өткен конференция барысында ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф айтты.

215 0

Хиджаб шын мәнінде де арабтың киімі. Бұл туралы өткен конференция барысында ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф айтты.

Оның айтуынша, наурыз айында Алматыда «Дін және әйел» деген тақырыпта конференция өтеді. Аталған шара барысында діннің асыл құндылықтарын жастардың бойына дұрыс сіңіру, хиджаб кию мәселесі талқыланбақ.

«Қазақ сөзге тоқтаған халықпыз. Егер Елбасы өзінің Жолдауында хиджабты арабтың киімі деп айтты ма, сол сөзге тоқтауымыз керек. Ол шын мәнінде де арабтың киімі. Оның мұсылмандардың киіміне ешқандай қатысы жоқ. Жалпы, мұсылманның киімі деудің өзі дұрыс емес, сонда хиджаб кимейтін қыздарды мұсылман дей алмаймыз ба? Сондықтан, бұл мәселе бойынша да біз үгіт-насихат жұмыстарын жүргізудеміз. 4-ші наурызда әйелдер мерекесі қарсаңында Алматыда «Дін және әйел» деген тақырыпта үлкен конференция өткіземіз. Сол жерде осы мәселелерді көтереміз. Мәселе – жастарымыздың асыл дінімізді, асыл құндылықтарымызды дұрыс бойына сіңіре білуде», - деп түйіндеді ол.

Естеріңізге сала кетейік, біраз күн бұрын Қ.Лама Шариф мырза Бас редакторлар клубының отырысында алдағы уақытта жастарды жат ағымдардың ықпалынан арылтуға бағытталған шаралардың қолға алынатынын айтқан. Атап айтқанда қазақ қыздарына ұлттық құндылықтарды насихаттауды мақсат еткен қыздар клубтарының құрылатанын мәлемдеген еді. Ақпарат BNews.kz  сайтынан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!