Қазақстанда әлеуметтік көмек алатындар саны қысқарады

Фотография - Қазақстанда әлеуметтік көмек алатындар саны қысқарады

Мемлекеттің әлеуметтік саясатының жаңа принциптеріне сай, әлеуметтік көмек тек мұқтаж азаматтарға ғана көрсетіледі

262 0

Мемлекеттің әлеуметтік саясатының жаңа принциптеріне сай, әлеуметтік көмек тек мұқтаж азаматтарға ғана көрсетіледі. Бүгінгі күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік төлемдерді оңтайландыру бойынша үлкен жұмыс жасап жатыр. Бұл жөнінде бүгін «Көзқарас» дискуссиялық клубының «Қазақстан-2050» стратегиясы аясында жұмыспен қамту саясатын жаңғырту» тақырыбын арқау еткен отырысында Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Алма Алтыбаева айтты, деп хабарлайды BNews.kz.


«Президент әлеуметтік көмек елдің барлығына беріле бермеу керек деп айтқан болатын. Ол тек, шын мәнінде, мемлекеттік қолдауға мұқтаж адамдарға көрсетілуі қажет. Оның ішінде , әрине, мүгедектерге біз көмек көрсетуге тиіспіз. Әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктерді кезең-кезеңімен оңтайландыру жоспарланып отыр. Осы бағытта министрлік үлкен жұмыс жүргізіп жатыр. Жобасы дайын», - деді Алма Алтыбаева.

Оның айтуынша, бүгінгі күні азаматтарға 16 әлеуметтік көмек түрі көрсетіледі. Жоба іске қосылған кезде, бүгінгі күні мемлекет қолдауына ие азаматтардың бір бөлігі әлеуметтік көмексіз қалуы мүмкін.

«Айталық, мүгедектер мен ардагерлер екі жылда бір рет тістерін протездейді. Жаңа жобаға сай, ендігі уақытта әлеуметтік көмек алу үшін олардың табыстары өмір сүру деңгейінен төмен болуы керек. Яғни, 19 456 теңге көлемінде болса ғана, оларға тістерін протездеуге мемлекет көмектеседі. Әлеуметтік төлемдерді оңтайландыру, әсіресе, Астана үшін қиын соғады. Мәселен, бүгінгі күні қаланың барлық әлеуметтік аз қамтылған азаматтары - бұл 62 мың адам қоғамдық көліктерде тегін жүреді. Олардың көпшілігі осы мүмкіндіктен айырылуы мүмкін», - деді басқарма бастығы. Бұл мәселе 6 ақпан күні Үкімет басшысының қатысуымен министрлікте өтетін жиында қаралмақ.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!