Қазақстанның екі облысында жолдар жабылды

Фотография - Қазақстанның екі облысында жолдар жабылды

 Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында хабарланды

224 0

Қазақстанның екі облысында ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше жол учаскесі жабылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында хабарланды.

Шығыс Қазақстан облысында боран мен жолдың нашар көрінуінен 27.01.2013 жылы сағат 21.00-дегі жағдай бойынша барлық автокөлік түрлері үшін «Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» (102-123 км), "Өскемен-Таулы Үлбі-Северное"(16-60км) автожолдары жабылды. Ал жүк автокөліктері үшін «Алматы – Өскемен» (1075-977 км), автобустар мен жүк көліктері үшін «Өскемен – Зырян – Рахман бұлақтары» (6-92 км), «Өскемен-Риддер- РФ шекарасы» (0-191 км) автожолдары жабылды.

Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты (боран, көктайғақ, жолдың нашар көрінуі) 27.01.2013 сағат 18:45-тен бастап «Қарағанды – Жезқазған» автожолында жолаушылар және жүк автокөліктері үшін қозғалыс шектелді, сағат 21.40-тан бастап «Қарағанды – Балқаш» автожолы автокөліктің барлық түрлері үшін жабылды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

ауа райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!