Б.Рысқалиевке іздеу жарияланды

Фотография - Б.Рысқалиевке іздеу жарияланды

Қаржы полициясы Атырау облысының бұрыңғы әкімі Бергей Рысқалиевті іздеуге жариялады.

170 0

Қаржы полициясы Атырау облысының бұрыңғы әкімі Бергей Рысқалиевті іздеуге жариялады.

«Қаржы полициясы агенттігінің тергеу-жедел тобы Атырау облысында сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасау фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істерді тергеу барысында облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевке қатысты бірнеше айып тақты.

2013 жылғы 23 қаңтарда Бергей Рысқалиевке бюджет қаражатын ұрлау және қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану бойынша айыптар тағылды. 24 қаңтарда сотпен Рыскалиевті қамауға алу туралы санкция беріліп, ол іздеуге жарияланды. Осылайша бүгінгі күні Атырау облысы әкімшілігінің лауазымды тұлғалары және мердігерлік ұйымдардың басшыларымен жасалған мемлекетке жалпы мөлшері 42,1 млрд. теңгеден астам залал келтірген сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қозғалған 42 қылмыстық іс тергелуде.

Оның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне қатысты деген айыппен 9 адам қамауға алынды, 6 - үй қамауында, 1 - ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды, 12 адам іздеуге жарияланды.

Осы қылмыстық істерді тергеу барысында тергеу-жедел тобымен 48 сараптама тағайындалды, қосымша тағы 27 сараптама өткізу жоспарлануда, 300 адамнан жауап алынды, 50 тінту жүргізілді, 19 мыңнан астам құжат алынды.

Сонымен бірге мемлекетке келтірілген залалды өтеуге бағытталған іс-шаралар қабылдануда. Заңсыз жекешелендірілген 17 объекті мемлекетке қайтарылды. Олардың ішінде Атырау қаласы мен облыстың 6 ауданын газбен қамтамасыз ету объектілері, кәсіпорындар, әкімшілік ғимараттар, автокөлік және өзге арнайы техника бар.

Мемлекет меншігіне қайтарылған мүліктің соммасы 23,4 млрд.теңгені құрап отыр. Барлық шығындарды өтеу мақсатында тергеу-жедел тобымен мүліктің 455 түріне тыйым салынды. Олардың қатарында: 36 жер учаскесі, 63 бірінші және екінші кезектегі объектілер (әкімшілік ғимараттар, тұрғын үйлер, кеңсе ғимараттары мен пәтерлер), 5 коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу үлестері, 197 транспорттық құрал, 144 бірлік құрал-жабдық, жалпы соммасы 1,1 млрд.теңгеден асатын 11 банкілік есеп-шот бар», - делінген ресми хабарламада.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!