Атырау облысының бұрынғы әкімі 10 жылға сотталуы мүмкін

Фотография - Атырау облысының бұрынғы әкімі 10 жылға сотталуы мүмкін

Бергей Рысқалиев 10 жылға бас бостандығынан айырылуы ықтимал.

196 0

Қамауға соттың санкциясы берілген Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев 10 жылға бас бостандығынан айырылуы ықтимал.

Атырау облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарланғандай, ағымдағы жылдың 24 қаңтарында ҚР Қылмыстық-процессуалды кодекстің 150 бабына сәйкес Атырау қаласының №2 сотына Рысқалиев Бергей Сәуленбайұлына қатысты қамауға алу ретінде бұлтартпау шарасын қолдану жөнінде ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті тергеу тобының басшысы Т. Хасановтан қолдаухат келіп түсті. Айта кетейік, Б. Рысқалиевке ҚР Қылмыстық-процессуалды кодексінің 307 бабы, 4 бөлімі және 176 бабы, 3 бөлімінің «б» және «г» тармақтары бойынша айып тағылуда.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарланғандай, «тергеу органы сырттай Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев қызметтік бабын асыра пайдаланып, мемлекеттік қызметке және мемлекеттік басқаруға қарсы ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деп айыптауда»

Аталған фактілер бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Олардың барлығы бір өндіріске біріктірілген. Атырау қаласы №2 сотының үкімімен 2013 жылдың 24 қаңтардан айыпталушы Б. Рысқалиевке қатысты қолдаухат қанағаттандырылды.


Тегтер:

әкім сотталуы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!