Жер сілкінісі ошағында болған елді мекендер айтарлықтай зардап шеккен жоқ

Фотография - Жер сілкінісі ошағында болған елді мекендер айтарлықтай зардап шеккен жоқ

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко айтты.

238 0

Жер сілкінісі ошағында болған елді мекендер айтарлықтай зардап шеккен жоқ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко айтты.

«Жер сілкінісі Алматыдан 235 шақырым жерде, ошағы 10 шақырым тереңдікте орын алды. Біз жедел топ құрып, Алматыда баспасөз мәслихатын өткіздік. Барлық ақпарат толық көлемде біздің сайтта орналастырылды. Оған қоса біз кеше жер сілкінісі ошағында болған Кеген, Нарынқол ауылдарында жұмыстарды бастадық. ҚР БҒМ сейсмология ұлттық орталығының мәліметтері бойынша зілзала қуаты 6,6 балды құрады. Алматыда алғашқы сілкініс 4-6 балл көлемінде сезілді»,-деді В. Божко.

Министрдің атап өтуінше, Алматыда қандай да бір нысандардың қирағандығы туралы ақпарат жоқ. Сонымен қатар Кеген мен Нарынқолда да айтарлықтай қирандылар орын алмады.

«Қазіргі уақытта әкімшіліктер мен Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті жұмыс істеуде. Менің ойымша, түске қарай толық ақпарат болады»,-деді ол.

Сондай-ақ, 2011 жылдың 1 мамырындағы жер сілкінісі кезіндегідей халықаралық дүрбелең туындамағанын баса айтқан министр: «Біз дабыл қосқан жоқпыз. Бірақ, бірден телерадио компаниялары арқылы ақпарат бердік»,-деді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!