Павлодар облысында қытайлық «Фотон» жүк көліктері құрастырыла бастайды

Фотография - Павлодар облысында қытайлық «Фотон» жүк көліктері құрастырыла бастайды

Бұл туралы бүгін үдемелі индустриялды-инновациялық даму жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесінің отырысы барысында «ВитаДорСтрой» ЖШС директоры Вячеслав Чеканников мәлімдеді

173 0

Павлодар облысы Ақсу қаласында 2013 жылғы ақпанда қытайлық «Фотон» жүк көліктері құрастырыла бастайды. Бұл туралы бүгін үдемелі индустриялды-инновациялық даму жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесінің отырысы барысында «ВитаДорСтрой» ЖШС директоры Вячеслав Чеканников мәлімдеді.

«Біз 20-40 мың тонна жүк таси алатын тіркемесі бар көліктерді құрастыруды жоспарлап отырмыз. Ақпан айында бірінші партияны құрастыра бастаймыз. Алғашқы 300 көлік шекара маңындағы Үрімшіде тұр», - деді В. Чеканников.

Оның айтуынша, 2013 жылы компания 1000 жүк көлігін құрастыруды жоспарлап отыр, ал 2014 жылдан бастап жылына 2000 жүк көлігін құрастырмақ.

«Жобаның құны 2,7 млрд теңгені құрайды. 250 жаңа жұмыс орны ашылады», - деп толықтырды В. Чеканников.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

завод

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!