«SCAT» әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырауына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Фотография - «SCAT» әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырауына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы әуежайының маңында «SCAT» әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырауына байланысты қылмыстық іс қозғалды

262 0

2013 жылғы 29 қаңтарда сағат 13 шамасында Алматы қаласының әуежайына шамамен 5 шақырым жетпей «Көкшетау-Алматы» бағытында «SCAT» әуекомпаниясы» АҚ-ның №760 авиарейсін орындаушы «Challenger-200» ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Алдын-ала мәліметтерге сай әуе кемесінің бортында 5 экипаж мүшесі және 15 жолаушы болған.

Бұл дерек бойынша Бас көлік прокуратурасы ҚР ҚК 295-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғап, өзінің өндірісіне қабылдады.

Жедел тергеу және апаттық-құтқару шараларын жүргізу үшін оқиға орнына Бас көлік прокуратурасының және Ішкі істер министрлігінің өкілдері, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері шықты.

Оқиға орны оқшауланды.

Оқиға мән-жайлары, сондай-ақ құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы мәліметтер нақтылануда.


Тегтер:

апаты ұшақ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!