Соңғы 14 жылда 9 мың қазақстандық баланы шетелдіктер асырап алған

Фотография - Соңғы 14 жылда 9 мың қазақстандық баланы шетелдіктер асырап алған

Соңғы 14 жылда барлығы 47 421 бала жетімдер үйін тастап, бір отбасының мүшесі болу мүмкіндігіне ие болды

130 0

Соңғы 14 жылда 9 мыңға жуық қазақстандық бүлдіршінді шет ел азаматтары асырап алған. Бұл туралы «Бала асырап алудың ұлттық стратегиясын» қалай жүзеге асырып отырғанымызды талқылау үшін өткен брифинг барысында Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Раиса Шер мәлім етті.

«Соңғы 14 жылда барлығы 47 421 бала жетімдер үйін тастап, бір отбасының мүшесі болу мүмкіндігіне ие болды. Яғни, 47 421 отбасы бала асырап алған. Бұның ішінде 38 068 баланы өз еліміздің азаматтары асырап алса, 547 баланы өзге елдегі туыстары қамқорлығына алды. Ал 8 мың 806 баланы шет ел азаматтары өз қамқорлығына алып, шекара сыртына алып кетті», - деді Раиса Петровна ханым. Дереккөзіне сүйенсек, осы 8 мыңнан астам асыранды баланың 6 мыңға жуығы қазір АҚШ елінде өмір сүреді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!